UFC келесі турнирін өткізетін орын белгілі болды

21 мамыр 2020 11:02
Сурет: Sport.ua
Әлемдегі ең атақты промоушен 30 мамырға белгіленген UFC Fight Night 172 турнирін өткізетін орын бойынша бір шешімге келді.

Дана Уайтқа сілтеме жасаған Las Vegas Review-Journal басылымының мәліметінше, бұл шоу ұйымның Лас-Вегастағы жеке UFC Apex аренасында өтеді.

Еске салайық, UFC екі аптада үш турнир өткізіп үлгерді: 9 мамырда UFC 249, он төртінде UFC Fight Night 171, ал 16 мамырда UFC Fight Night 172 шоуы өтті. Бұл жарыстың барлығы Джексонвилл қаласында болды.

30 мамырдағы турнирдің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Тайрон Вудли мен Гилберт Бернс жұдырықтасады деп жоспарланған.
Метки: