UFC қазақстандық файтердің жекпе-жегін ресми хабарлады

25 қараша 2022 19:41
©instagram.com/ismagulov_damir/

UFC ресми түрде қазақстандық файтер Дамир Исмағұловтың келесі кездесуі туралы хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Исмағұлов пен Арман Царукян (18-3) арасындағы жекпе-жек 18 желтоқсан күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas66 турнирінде өтеді. 

Айта кетейік, UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде Исмағұлов 12-орында, ал Царукян 9-орында тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport