UFC қазақстандық файтердің бірінші жекпе-жегін ресми құлақтандырды

29 қаңтар 2020 12:01
© M-1 Global
Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютінде поляк Бартош Фабинскимен жекпе-жек өткізеді. Кездесу туралы промоушен ресми мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рахмонов - Фабински жекпе-жегі 21 наурызда UFC Fight Night 171 аясында Лондондағы О2 аренасында өтеді.



33 жастағы Фабински үшін бұл UFC-дегі бесінші жекпе-жек болмақ. Әлемдегі ең атақты промоушенде 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді: дебют жылында екі, 2018 жылы екі жекпе-жек өткізген.

25 жастағы Рахмонов UFC тарихына алғашқы қазақстандық болып енген еді. Ол карьерасындағы 12 жекпе-жектің бәрін мерзімінен бұрын жеңген.