UFC Қазақстандағы бірінші турнирін қашан өткізетіні айтылды

26 ақпан 2020 10:51
© Forbes
Әлемдегі ең атақты UFC (Ultimate Fighting Championship) промоушні Қазақстанда бірінші турнирін қашан өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнир 2020 жылдың 13 маусымына жоспарланып отыр. Бұл туралы Шавкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұлов сияқты қазақстандық файтерлер, сондай-ақ, ресейлік қазақ Дамир Ысмағұловтың менеджері Саят Әбдірахманов Instagram желісінде хабарлады. 

Еске салайық, UFC-мен келісімшартқа қол қойған алғашқы қазақстандық Шавкат Рахмонов болды. Ол 21 наурыз Лондонда өтетін Fight Night 171 турнирінде жұдырықтасады. 

Промоушндегі екінші қазақстандық Жалғас Жұмағұлов, ол октагонға жазда шығады.

Сонымен қатар, UFC-де ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов та өнер көрсетеді.