UFC қазақ файтер Хабибтің інісімен айқасатынын ресми құлақтандырды

©Octagon

UFC-дің Еуразиядағы ресми Instagram-аккаунты өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның (17-1) жекпе-жегі жайлы құлақтандыру жасады, деп жазады Vesti.kz.

"Умар Нурмагомедов UFC Vegas 87 турнирінде қазақстандық дебютант Бекзат Алмаханмен кездеседі", - делінген хабарламада.

UFC Vegas 87 турнирі 3 наурызға қараған түні Лас-Вегаста өтеді. 

Айта кетейік, Умар Нурмагомедов UFC-дің өте жеңіл салмақ рейтингінде 13-орында. Әзірге ол ММА-де жеңіліп көрмеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: