UFC жұлдызы Мейвезермен чемпиондық жекпе-жекке тіленіп отыр

10 желтоқсан 2019 09:45
© mmajunkie.com
Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы америкалық Макс Холлоуэй бокстан бес салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезермен жұдырықтасқысы келетінін айтады. 

ММА файтері Мейвезермен кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екен.

"Мейвезермен жекпе-жек? Неге болмасқа? Ақша белбеуін мен де қалаймын. Қуана келісер едім. Ол - тарихтағы ең мықты боксшылардың бірі, сол үшін онымен бір рингке шығу есте қаларлық болады. 12 раундтық жекпе-жек мен үшін қиындық емес", - деп келтіреді Холлоуэйдің сөзін TMZ.

Еске салайық, жақында Мейвезер мен UFC басшысы Дана Уайт келісімшарт жасасқаны туралы құлақтандырған. Оның мән-жайы жария етлген жоқ. Алайда түрлі мәліметтер бойынша, Мейвезер келесі жылы өткізетін екі жекпе-жегінің бірі UFC-дің атақты файтерімен болмақ. 

Айта кетейік, бокста чемпиондық жекпе-жектер 12 раунда болды және оның соңғы екі раунды өте ауыр болғандықтан чемпиондық раундттар аталып кеткен.