UFC жұлдыздарының бірі Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласын нокаутқа түсірді

12 желтоқсан 2021 10:51
©UFC

Бразилиялық файтер Раулиан Пайва Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан UFC 269 турнирінде америкалық Шон О'Мэллиден нокаутпен жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл айқас бірінші раундта аяқталды. О'Мэллидің сериялық соққыларынан кейін бразилиялық есін жия алмай қалды. Дәл сол сәтте төреші айқасты тоқтатты. 

О'Мэлли қазіргі уақытта UFС ұйымының үздік 15 спортшысының қатарына қосылмаса да, ұйымның басты жұлдыздарының бірі болып саналады. 

Ал бразилиялық қатарынан үш жеңістен кейін ұтылып тұр. Пайва осыған дейін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловпен кездесіп, жеңіске жеткен еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: