UFC Хабиб пен Фергюсон жекпе-жегіне арналған постерді ұсынды

21 ақпан 2020 07:52
© Fightnews.info
UFC жеңіл салмақта әлем чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонның жекпе-жегіне арналған ресми постерді жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек 18 сәуір Бруклинде өтетін UFC 249 турнирінің басты шоуы болады. 

36 жастағы Фергюсон 28 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде ғана жеңілген. 

31 жастағы Хабиб әлі жеңілмеген. UFC-де ол 12 жекпе-жек өткізді, ал ММА-де жалпылай - 28.