UFC Хабиб Нурмагомедовтің чемпиондық белбеуіне кімнің үміткер болатынын айтты

13 желтоқсан 2020 16:15
Хабиб Нурмагомедов. Сурет: bleacherreport.net

Америкалық Тони Фергюсонды сенімде жеңген бразилиялық спортшы Чарльз Оливейра жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуіне үміткерлердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Баспасөз жиыны кезінде ұйымның президенті Дана Уайт Олимвераны үміткерлер қатарына қосу үшін тек жаңартылған рейтингті күту керек екенін айтты. 

"Оливейра өте әдемі жекпе-жек өткізді. Осыдан кейін ол чемпиондық белбеуге үміткер бола ала ма? Рейтинг сейсенбі күні жаңартылады. Сонда көреміз. Ол сөзсіз әлемдегі жеңіл салмақтағы ең мықты спортшылардың бірін жеңді. Сондықтан да ол белбеуге үміткерлер қатарында болады", - деді Уайт. 

Еске салайық, Оливейра Лас-Вегаста өткен UFC 256 турнирінде төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша Фергюсонды жеңді. Ал жеңіл салмақта бұл ұйымның чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов. 



 

Метки: