UFC-ге өткен қазақ файтерді Шавкат Рахмоновқа теңеді

26 сәуір 2023 14:47
©

UFC-де қазақстандық файтер Азат Мақсұмға (16-0) үлкен сенім артып отыр, деп хабарлайды Cageside Press

27 жастағы спортшы 15 шілдеде әлемдегі ең атақты промоушенде алғашқы айқасын өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Тайсон Нэм (21-13-1).

"Промоушен 125 фунтта Азат Мақсұм жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмоновтай жарқырайды деп үміттенеді. Екі файтер де кәсіпқой карьерасында жеңіліп көрмеген", - деп жазады БАҚ. 

Жекпе-жек 15 шілде Лас-Вегастағы UFC Apex аренада ұймдастырылатын турнирде өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport