Единоборства
7 желтоқсан 2023 10:55

"UFC-ге оралғым келеді". Жұмағұлов нокатупен жеңістен кейін сұхбат берді

©Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

35 жастағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (15-9) NAIZA 55 турнирінен кейін журналистер сұрағына жауап берді. 

Өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Астанада өткен турнирде жапониялық Масато Накамураны (9-8) бірінші раундта нокаутқа түсірді. 

- Жалғас, оралуыңмен! Жылдам жеңіске жеттің, құттықтаймыз, о бастан нокаутқа тырысытың ба?

- Жеңіс сериясына оралғаныма қуаныштымын, әсіресе өз отанымда. Мұны ұзақ күттім. Шынын айтқанда тек жылдам жеңіске дайындалдым. Төрешілер шешіміне дейін жеткізгім келмеді. 

- Туған жеріңде жекпе-жек өткізудің UFC-ге дейін және кейін өткізгеннің айырмасы бар ма? Не өзгерді?

- Біріншіден отаныңда бәрі күтіп отырады, күш береді. Оның үстіне қалыпқа келуге уақыт жеткілікті болды, кешкісін айқасамыз ғой. UFC-де таңғысын салмақ өлшеп, таңғысын айқасасың. Қалыпқа келу қиын болатын, өйткені мен салмақ көп түсіремін. Ал мында өзімді жақсы сезінемін. Бірінші рет жекпе-жекке он келі салмақ қосып шықтым. Бұрын мұндай болған емес. 

- Осы уақытқа дейін отандық жанкүйерлердің орны білініп тұрды ма?

- Әрине. Қалай болса да өз жеріңдегі көрермен - ол өз көрермендерің. Бізде жанкүйерлік осындай мықты екені қуантады. Жанкүйерлеріміз қызу қанды. Не дейін, бізде бәрінің қаны қызу, біз жауынгерміз, батырмыз ғой. 

- Бұл жекпе-жекке дайындық қалай өтті?

- Бұл айқақса үйде дайындалдым. Басқаша дайындық, ескі мектептің әдісімен.

- Қарсыластың ауысуы қатты әсер етті ме?

- Шынын айтсам, мұндайға үйреніп қалдым. Маған жекпе-жек берді, сосын қарсылас ауысты, кіммен айқасатыныма да қарамадым. Шықтым да жекпе-жек барысында сараптап алдым. 

- Қазір NAIZA лигасында не үшін айқасып жүрсің: мақсатың чемпиондық па әлде әлемдік топ лигаға өту ме?

- NAIZA лигасы Қазақстанда ең мықты деп есептейтінімді айтқанмын. Нұрбек Қарабалаға үлкен рахмет, еліміз үшін осындай лиганы дамытып жатыр. Біздің промоушеннің иммиджі көтерілсін деп шықтым, көрермендеріміз үшін. Осы үшін ғана. 

- Мұхиттың ары жағына оралу ойы бар ма?

- Виза алдым. Енді Саят Әбдірахмановты (менеджер) күтемін. Ұсыныс күтеміз. Қалай болса да карьерамды аяқтамақ емеспін. Әлі де күш бар. Біз сондай халықпыз, 30-дан кейін ашыла түсеміз, мен де солардың бірімін. 

- Шетелдік лиганың қайсы қызықтырады?

- Шынын айтқанда UFC-ге қайта оралғым келеді. Промоушен матчмейкері Мик Мейнардпен сөлескенмін. Маған бір-екі жекпе-жекте жеңу керек, сосын қайта ораламын. 

- Тура саған дейін жұдырықтасқан жасы кіші жолдасың Нұрбек Қабдырахмановтың жеңісі оң әсер етті ме?

- Әлбетте! Мен өзімнен гөрі Нұрбек үшін қатты қобалжыдым. Жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Ол өте мықты және тәрбиелі жігіт. Ол осы белбеуге лайықты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport