Еске салайық, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта чемпион Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен жұдырықтасу керек болған. Бірақ турнирдің өтетін орны коронавирусқа байланысты ұзақ уақыт белгісіз болғандықтан, ресейлік файтер АҚШ-тан кетіп, Дағыстанға барған еді. Ақыры промоушен Хабибті америкалық Джастин Гэтжимен алмастырды. Дегенмен Калифорния штатының губернаторы бәрібір шоуды өткізуге тыйым салды.
Дегенмен жақында WWE рестлинг-промоушені Флорида шатытнда турнир өткізу рұқсатын алған, енді UFC-де осындай рұқсатқа қолжеткізгене екен.