Жартылай орта салмақат UFC рейтингінде екінші тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19–0) келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөз мәліметінше, қазіргі таңда Шавкат Рахмонов пен америкалық Хоакин Бакли (21–7) арасындағы жекпе-жек өткізу қарастырылып жатыр. Айта кетейік, Бакли жартылай орта салмақ рейтингінде оныншы тұр.
"Шавкат Рахмонов пен Хоакин Бакли арасында жекпе-жек өткізу мүмкіндігі қаралып жатыр. Бұған дейін файтерлер әлеуметтік желіде бір-біріне ауыр мәлімдемелер жасаған. Рахмонов Бакли туралы қатты айтыпты, ал америкалық спортшы Шавкатты бірінші раундта нокаутқа түсіретініне 500 мың доллар бәс тігуге дайын екенін мәлімдепті", - деп жазады дереккөз.
Хоакин Бакли соңғы айқасын маусым айында өткізіп, UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усманнан төрешілер шешімімен жеңілді.
Ал Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанынан бері октагонға шыққан жоқ. Ол кезде қазақстандық файтер ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын. Алайда сол жекпе-жекте алған жарақаты салдарынан Рахмонов 2025 жылы октагонға мүлде шыға алмай, UFC чемпионы атағы үшін айқасу мүмкіндігінен қағылды.