UFC файтері Шавкат Рахмонов өзіне Қазақстанда команда таңдады

15 желтоқсан 2020 12:02
Сурет: UFC©️

UFC-де өнер көрсететін аралас жекпе-жек (ММА) шебері қазақстандық Шавкат Рахмонов DAR TEAM командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы екі тарап та Instagram желісінде хабарлады.

Рахмонов қазан айында UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Қазақстандық спортшы бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.

Еске салайық, қазақстандық командаға қосылған бірінші кәсіпқой спортшы Дамир Ысмағұлов болды. Ол UFC промоушенінде 2018  жылдан өнер көрсетіп келеді, осы уақытқа дейін өткізген үш жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.