UFC файтері Рахмоновқа нокаут үшін 25 мың доллар ұсынды

20 шілде 2023 17:33
©ufc.com

Жартылай орта салмақтағы файтер Хоакин Бакли (16-6) өзін нокаутқа түсіре алған қарсыласына қалтасынан 25 мың доллар беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол жекпе-жекке шақырған қарсыластар ішінде қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) бар.

"UFC-ден болашағыма қатытсты хабар алмадым. Бірақ мен Джек Делла Маддалена, Ян Гарри, Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасқым келеді. Мен тамызда, қыркүйекте айқасқым келеді. Сондықтан бұл жартылай орта салмақтағы файтерлердің бәріне қатысты. Тағы айтарым: егер мені нокаутқа түсіре алса, өз қалтамнан 25 000 мың доллар төлеуге дайынмын", - дейді Бакли Twitter желісіндегі видеоүндеуінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport