Испания атынан UFC-де өнер көрсететін тегі гүржі Илия Топурия (12-0) Лондонда өткен UFC Fight Night 204 турнирінде жеңіске жетті. Бұл кеште "Матадор" нағыз камбек жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіл салмақта UFC-дегі бірінші айқасын өткізген 25 жастағы Топурияның қарсыласы 33 жастағы англиялық Джей Герберт (11-4) болды. Илья қарсыласын екінші раундта терең нокаутқа түсірді.
Бір қызығы Топурия бірінші раундта есеңгіреп қалып, жеңіліп қала жаздаған еді. Дегенмен Илия бұл сәтке шыдас беріп, жарқын жеңіске жете алды.