MMA
26 желтоқсан 2018 11:41
 
UFC файтері граната жарылысынан аман қалды

  Пікірлер

blog.share

UFC файтері граната жарылысынан аман қалды © WorldofMMA

UFC-де жұдырықтасатын бразилиялық файтер Алекс Оливейра граната жарылысынан жарақат алды, - деп хабарлайды MMA Fighting.

Оқиға спортшының отанында болған. Оливейра жанармай бекетіне бара жатып, туыстарының біреулермен жанжалдасып жатқанын байқайды. Оның сөзінше, бейтаныс адамдар қарулы болған және олардың бірі файтердің жиеніне тапанша тақаған. Оливейра көліктен шығып көмектеспек болады, осы сәтте оған қарай граната ұшқан. 

Граната файтерден алыстау жарылған, дегенмен, ол аяғынан жарақат алады. Кейін Оливейра ауруханаға жетіп, ол жерде спортшының аяғына ота жасалды. 

Оливейра соңғы рет UFC 231 турнирінде Гуннар Нельсонмен жұдырықтасып, екінші раундта тұншықтыру тәсіліне түсіп қалған еді. Жалпы бразилиялық 18 жеңіске жетіп, алты рет жеңілген және бір жекпе-жегінде тең түскен. Сонымен бірге, ол жұдырықтасқан екі жекпе-жек қорытындысыз қалған. 

Жарнама

Живи спортом!