UFC екінші жеңілістен кейін қазақ файтерді ұйымнан шығарды

20 шілде 2023 09:42
©UFC

UFC қазақстандық файтер Дамир Исмағұловты (24-3) ұйымнан шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұны UFC ростеріндегі өзгерістерді жазатын Roster Watch Twitter-аккаунтты жариялап отыр.

2 шілдеде өткен UFC Vegas 76 турнирінде Дамир төрешілер шешімімен Грант Доусоннан жеңілді. 

Исмағұловтың UFC-дегі рекорды 5-2, ал жалпы MMA-де 24-3. Доусонмен айқас қазақстандық спортшы үшін UFC-мен келісімшарт бойынша соңғысы еді. Алайда жекпе-жекке дейін-ақ Дамир ұйымның жаңа келісімшарт ұсынғанын айтқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport