UFC-дің "жаңа чемпионы" Шавкатпен жекпе-жек уақытын белгіледі

©UFC

UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде екінші тұрған америкалық Белал Мухаммад (23-3) 2024 жылғы жоспарын жария етті, деп жазады Vesti.kz.

Мухаммад маусым айында жартылай орта дивизионда UFC чемпионы Леон Эдвардспен (22-3) жекпе-жек өткізгісі келеді, Белал британиялық чемпионды жеңетініне сенімді. Чемпиондық белбеуді тартып алғаннан кейін оны алдымен қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекте қорғамақ.

"Кішкене алға кетіп айтарым: Эдвардс маусымда және титулдың алғашқы қорғауы қазанда, Рахмоновқа қарсы", - деп жазыпты Мухаммад твиттер желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport