Бұрын MMA-де өнер көрсеткен ресейлік Кирилл Сидельников UFC-дің 2025 жылдың қорытындысын шығарып, маусымның ең үздік жауынгері мен ең есте қалған жекпе-жегін атады, деп хабарлайды Vesti.kz "Совспортқа" сілтеме жасап.
Сидельниковтің пікірінше, UFC-2025 жылдың басты кейіпкері - жеңіл салмақта өнер көрсететін ресейлік файтер Пётр Ян (20–5). Сондай-ақ, ол Янның грузин спортшысы Мераб Двалишвилимен (21–5) өткізген жекпе-жегін маусымдағы ең әсерлі айқас деп атады.
"Егер жылдың ең үздік жекпе-жегі туралы айтсақ, мен Пётр Ян мен Двалишвили арасындағы кездесуді арнайы бөліп көрсетер едім. Бұл айқас осы критерийге толық сай келеді. Ал Пётр Ян мен үшін жалпы жылдың ең үздік жауынгері. Әрине, Ислам Махачевті де атауға болады, бірақ, менің ойымша, чемпиондық белбеуді қайтадан қайтарып алу оны қорғаудан әлдеқайда қиын", - деді Сидельников.
Еске салайық, 7 желтоқсанда өткен UFC 323 нөмірлі турнирінде Пётр Ян сенсациялық түрде жеңіл салмақтың сол кездегі чемпионы Мераб Двалишвилиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Бұл жеңіс Янға чемпиондық белбеуді қайта иеленуге мүмкіндік берді. Осылайша, 32 жастағы спортшы UFC тарихында айырылған титулын қайтара алған алғашқы ресейлік файтер атанды.
Жарнама