Ең жеңіл салмақта UFC-дің екі дүркін чемпионы бразилиялық Дейвесон Фигередо өзінің інісі Франсиску Фигередоның қазақстандық Alash Pride лигасымен келісімшартқа отырғанын жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол бұл жөнінде былай деді:
"Сәлеметсіздер ме! Бүгін менің інім әлемнің ең үздік лигаларының бірі Alash Pride-пен келісімшартқа отырды. Мен оны осы қуанышымен құттықтаймын және жақын арада сіздермен Қазақстанда көрісетінімізді айтқым келеді".
Франсиску Фигередо 27 мамыр Астанада өтетін Alash Pride FC 108 турнирінде дебют жасайды. Бұл жарыста оның қарсыласы қазақстандық Руслан Сариев болады.
Франсискудың да өзінің әйгілі ағасы сияқты UFC-де өнер көрсеткен және ММА саласында мол тәжірибесі бар. Оның бұл жекпе-жек кешіне қатысуы Қазақстан астанасында өтетін бұл оқиғаға халықаралық қызығушылықты арттыра түспек.
Айта кетейік, Дейвесон Фигередо қазіргі таңда UFC-дің өте жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде алтыншы орында тұр.
Жарнама