MMA
5 шілде 2021 18:57

UFC-дің бұрынғы спортшысы үлкен спорттан 5 жылға шеттетілді

сурет: fightnews

ММА шебері Хадис Ибрагимов үлкен спорттан 5 жылға шеттетілді. Бұл жайында Ресей антидопинг орталығының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Әскери самбодан екі дүркін Еуропа чемпионы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін ұйым оған қатаң жаза тағайындаған. 

Дисквалификация 2021 жылдың 15 сәуірінен басталады. 26 жастағы Ибрагимов - орта ауыр салмақта "M-1 Challenge" промоушенінің бұрынғы чемпионы. Жалпы алғанда ол октагонда 8 рет жеңіп, 4 мәрте жеңілістің кермек дәмін тартқан.

Сонымен қатар, UFC-де 4 кездесу өткізіп, бәрінде жеңілген. Соңғы рет спортшы 2020 жылы қыркүйекте Данило Маркеспен айқасып, төрешілер шешімімен есе жіберген.