Жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион аустралиялық Джек Делла Маддалена Қазақстан атынан өнер көрсететін UFC рейтингтің үшінші нөмірі Шавкат Рахмоновпен неге жекпе-жек өткізгісі келетінін түсіндірді.
"Ислам өте жақсы күреседі. Ол қарсыластарын құлатып, бақылауда ұстауды керемет меңгерген. Бұл жағынан ол шынымен мықты және мен дәл осының кесірінен көп қиындық көрдім. Қарымта жекпе-жек - менің арманым. Дәл сол себепті мен Шавкатпен айқасқым келеді, өйткені ол секілді қарсыласты жеңсең, бірден титулдық жекпе-жекке шыға аласың", - деді Делла Маддалена блогер N3on-ның Twitch-тегі тікелей эфирінде.
Джек Делла Маддалена UFC-дегі дебютін 2022 жылы жасады. Ол чемпиондық белбеуді 2025 жылдың мамырында Белал Мухаммадты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп алды. Ал 2025 жылдың 16 қарашасында аустралиялық файтер дағысандық Ислам Махачевтен төрешілер шешімімен жеңіліп, титулынан айырылды.
Жарнама