UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке жауап берді

29 маусым 2022 19:25
© fighttime.ru

Жартылай жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Макс Холлоуэй (23-6) Александр Волкановскимен жекпе-жегіне болжам жасаған Хабиб Нурмагомедовтың айтқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Fighttime.ru.

"Волкановски жанып тұр деп ол Алекс жүргізетін кулинарлық шоуды айтса керек. Хабиб, ол Хабиб. Ол не айтса да өзі біледі. Бірақ мен оның не дегенін түсінбеймін. Оның өзімен салыстырғанда мен әлі де октагондамын және өз ісіммен айналысуыдамын, бұл кездесуді де асыға күтіп жүрмін. Айналада түрлі нәрсе айтып жүргендер көп, олардың сөзінің қаншалықты рас екенін осы сенбі күні көреміз" - дейді Холлоуэй.

Волкановски мен Холлоуэй арасындағы үшінші кездесу 2 шілде күні Лас-Вегаста UFC 276 турнирінде өтеді. Бұған дейінгі екі кездесуде жеңіс Волкановскиге бұйырған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport