MMA
Бүгін 11:53

UFC-дің бірінші нөмірі Қуат Хамитовпен айқасуға келісті

©instagram/kuat_khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Куат Хамитов UFC-дің жеңіл салмақ дивизионындағы бірінші нөмірлі файтер, армениялық Арман Царукянды ашық түрде жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл Мәскеуде өткен ACBJJ20 бразилиялық джиу-джитсу турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында болды.

Хамитов: "Маған Hype Reality ұйымынан қоңырау шалып, сенің алдыңда екі келісімшарт жатқанын айтты: бірінде менің атым, екіншісінде "Шараның" аты (UFC жауынгері, дағыстандық Шарабутдин Магомедов). Сонда сен жеңіл жолды таңдап, "Шарамен" жұдырықтасамын депсің".

Царукян: "Бұл өтірік. Егер Hype Reality қаласа, мен алдымен сенімен, кейін "Шарамен" де жекпе-жек өткізе аламын".

Хамитов: "Оның не қажеті бар, бауырым? "Шара" - кикбоксшы, ол таза соққы ғана жасап айқасатын файтер".

Царукян: "Жоқ, онымен жай ғана қыздыру ретінде өткіземін, ал сенімен шындап күресемін. Сен өзің грек-риммен шұғылдандың ғой?". 

Хамитов: "Қазір сенің айтқаның болаады, бауырым. Сен ұйымға: "Мен Куатты таңдаймын" деп айтсаң, біз 30-ы күні Арменияда белдесеміз".

Царукян: "Жоқ, "Шараның" аты басқа, ол - хайп. Оның…". 

Хамитов: "Ол балуан емес".

Царукян: "Балуан емес шығар, бірақ, ол 8 мың көрермен жинайды және бұл жекпе-жекті көргісі келетіндер өте көп. Балуан емес, бірақ, салмағы менен 10–15 келіге ауыр".


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport