UFC-дің басты жекпе-жегінде бразилиялықты сабап тастаған Адесанья белбеуін қорғап қалды

28 қыркүйек 2020 09:44
Сурет: : twitter.com/mmafighting
Исраэль Адесанья Абу-Дабиде Пауло Костаны нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы UFC чемпионы атағын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC 253 турнирінің басты оқиғасы Адесанья мен Коста арасындағы жекпе-жек болды. Кезедесу нәтижесі екінші раундта шешілді. Адесанья Костаны сол жақ бүйірінен нокдаунға түсіріп, кейін тоқтаусыз соққыларымен төрешіні жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр етті.



Осылайша Адесанья атағын екінші рет қорғап қалды. Бұл оның карьерасындағы 20-шы жеңіс. Ал Коста алғаш реш жеңіліске ұшырады, оның қанжығасында 13 жеңіс бар.

Турнирдегі тағы бір басты жекпе-жектердің бірі Ян Блахович пен Доминик Рейес арасында өтті. Олар орта ауыр салмақтағы титул үшін таласты. Нәтижесінде, екінші раундта Блахович күтпеген жерден қарсыласын нокаутқа түсіріп, UFC титулын жеңді.
Метки: