"UFC деңгейіндегі спортшы емес!". Маман Жұмағұловтың алтыншы жекпе-жегі алдында пікір білдірді

28 тамыз 2022 11:59
©UFC

Аралас жекпе-жек туралы жазатын mmadna.nl порталының журналисі Марсел Дорф Vesti.kz тілшісімен әңгіме барысында қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың (14-7) америкалық Чарльз Джонсонға (11-3) қарсы кездесуіне қатысты пікір білдірді. Ол қарсыластардың әлсіз және мықты тұстарына баға берді.  

Олардың жекпе-жегі 20 қарашаға жоспарланған. 

"Жұмағұловтың жолы болды. Ол тағы бір мүмкіндік алды. UFC-де болғысы келетіндер аз емес. Промоушенде өз орныңды сақтап қалу өте қиын. Бұл әсіресе жолы болмайтын және шоу жасай алмайтын спортшыларға қатысты. Мүмкін Жұмағұлов дәл осы кездесуінде ашылып, бар өнерін көрсете алар. Алайда менің ойымша, ол әлі UFC деңгейіне жете алмады. Бұл кездесу оның осы промоушендағы соңғы кездесу болуы да мүмкін. Оның да, қарсыласының да жеңіске мүмкіндігі бар. Тең кездесу болады және кімнің дайындығы мықты, сол жеңеді деп ойлаймын. Өз басым Джонсонға жақпын ", - дейді Дорф.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport