UFC-ден кеткен Жұмағұлов карьерасына қатысты мәлімдеме жасады
Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC ұйымымен келісімшарты аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC ұйымымен келісімшарты аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әйгілі промоушендегі соңғы жекпе-жегінде Жұмағұлов төрешілер шешімі бойынша америкалық Джошуа Ванға (8-1) есе жіберді. Бұл айқас Джексонвиллде өткен UFC Fight Night турнирінде болды.
"Менде бәрі жақсы. Жарақатымды жаздым. Жақында жаттығуға қайта кірісемін. UFC-мен келісімшарт аяқталды. Өзіміздің NFC лигасында өнер көрсеткім келеді. Нұрбек Қарабаланың (Naiza лигасының президенті) "мен оның лигасында айқасу үшін бәрін жасадым" деген сөзін естідім. Мен онымен сөйлестім. Артық айтқан жоқпын, UFC-де маған қанша төледі сонша деп айттым. Мен дайын.
Ұсыныстар көп, бірақ мен тек қазақстандық лигада, өзіміздің жанкүйерлер үшін ғана өнер көрсеткім келеді. Қазан немесе қараша айында жекпе-жекке шығуға дайынмын. Кімді берсе де айқасамын", - дейді Жалғас Instagram желісіндегі стористе.
Жарнама