UFC-дегі Шавкат Рахмоновтың салмақ рейтингінде өзгеріс болды

23 тамыз 2023 14:22
©UFC

UFC-дің Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақ рейтингінде өзгерістер болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтингте ирландиялық Иэн Гэрри 13-орыннан он бірге көтерілді. Ол америкалық Нил Мэгниді жеңгеннен кейін осылай жоғарлады. 

Ал Мэгни мен Кевин Холланд бір саты құлдырап, 12 және 13-орынға тұрақтады. 

Рахмонов алтыншы орынды сақтап қалды.

Рейтингте бірінші Камару Усман, одан кейін Колби Ковингтон және Белал Мухаммад тұр. Ал чемпиондық белбеу Леон Эдвардсте. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport