UFC-дегі Қытайдың атынан шыққан қазақ файтерінің жекпе-жегін FBI тексеретін болды

26 желтоқсан 2022 16:20
©UFC

6 қараша күні UFC Fight Night 214 турнирінде өткен Дэррик Миннер мен Сайран Нұрданбек арасындағы айқасты FBI (Орталық тергеу бюросы) тексеретін болды, деп жазады Sports.ru порталы. 

Бұл кездесудің 77-секундында Миннер техникалық (аяғы жарақаттанып, дәрігерлер тоқтатты) жеңіліп қалды. 

ESPN ақпараты бойынша, осы жекпе-жекке бірнеше сағат қалғанда букмекерлік кеңселердің клиенті Миннердің жарақаты туралы ақпаратты біліп алған. Содан соң ол бірінші раундта Нұрданбек жеңіске жетеді деп қомақты ақша тіккен. 

Осы себепке байланысты Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Миннер мен оның бапкері Джеймс Краузені шеттеткен. Ал FBI арнайы тергеуді бастаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: