UFC-дегі қазақстандық спортшы енді бокспен айналысуды жөн көрді

23 қыркүйек 2022 15:18
©Zuffa LLC

UFC өкілі қазақстандық Мария Агапова (10-4) бағын бокс спортында сынауды жөн көрді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз америкалық промоушендегі соңғы айқасын канадалық Джиллиан Робертсонға (11-7) қарсы өткізіп, жеңіліс тапқан еді.

"Бокстан жаттығулар өткізу үшін топ жинап жатырмын. Қызығушылар болса жекеге жазыңыздар. Дүйсенбіден бастаймыз", - деп жазды Агапова инстаграм парақшасына.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport