UFC-де өнер көрсететін алғашқы және әзірге жалғыз қазақстандық бұрымды Мария Агапова (10-4) "Ушатайка" Youtube арнасына берген сұхбатында Шавкат Рахмоновтың (17-0) жекпе-жектеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Шавкатпен таныс емеспіз, мен жалпы жекпе-жектерді көрмеймін. Үзінділерін ғана тамашалаймын. Достарым мен қарсыластарымның ғана айқастарын толық көремін. Ал жалпы жекпе-жектерді көруді ұнатпаймын. Қазір маған жұдырықтасуға болмайды, сондықтан тіпті қазақстандықтардың айқастарын да көріп отыру ауыр", - дейді Агапова.