UFC-дегі қазақ файтердің келесі айқасы белгіленді

29 қыркүйек 2022 10:35
©Instagram/ismagulov_damir

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Дамир Исмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Даниялық журналист Марсел Дорфф қазақстандық файтердің кіммен жекпе-жек өткізетінін айтты.

"Бұл үлкен айқас 17 желтоқсан #UFCVegas66 турнирінде өтеді. Арман Царукян жеңіл салмақта Дамир Исмағұловпен жұдырықтасады", - деп жазыпты Дорфф. 

31 жастағы Дамир UFC рейтингінде 12-орында, ол промоушендегі бес жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Ал 25 жастағы Царукян оныншы орында, ол UFC-дегі жеті айқасының алтауында басым болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport