Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңісінен кейін Fightmatrix сайтының тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақ рейтингінде топ-20 тізімге кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Асу бірден алты саты көтеріліп, 19-орынға жайғасыпты. Ал рейтингтегі алғашқы үштікті Алешандре Пантожа (Бразилия), Брэндон Морено (Мексика) және Дейвисон Фигейреду (Бразилия) бастап тұр.
Еске салайық, Алмабаев 6 тамыз Нэшвиллде өткен UFC on ESPN 50 турниріне қатысып, екінші раундта ямайкалық Оде Осборнды тұншықтыру әдісімен жеңген.