auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

UFC-дегі ең мықты файтер чемпиондық белбеуден бас тартатынын мәлімдеді

Мұның алдында ол ұйым басшылығын бірнеше рет сынаған.

UFC-дегі ең мықты файтер чемпиондық белбеуден бас тартатынын мәлімдеді
Сурет: Fightnews.info
Америкалық файтер Джон Джонс жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпиондығынан бас тартты. Бұл туралы спортшының өзі твиттер желісінде жазды. 

32 жастағы Джонс титулды жекпе-жекті Доминик Рейес пен Ян Блахович арасында өткізуді ұсынды. 

"Қазір бұл жекпе-жек маған ештеңе бермейді. 2021 жылы олардың кез келгенін ойланбай жеңгенімді көргілерің келсе, айтарсыздар. Ол уақытқа дейін маған ақша төлей алатын шығар", - деп жазыпты спортшы. Ал жанкүйерлердің бірінің сұрағына жауап бере отырып, ол титулдан бас тартатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Джонс UFC басшылығыны сынап бірнеше пост жазған. Файтердің айтуынша, промоушен басшысы Дана Уайт оның чемпион болғанына қарамастан, ақшасын дұрыс төлемейді. 

Джонс UFC-де жартылай ауыр дивизион титулын екі рет жеңіп алған. Екінші рет 2018 жылы болды. Содан бері чемпиондығын үш рет қорғады. Америкалық спортшы UFC ұйымының pound for pound рейтингінде көшбасшы. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар