Единоборства
31 желтоқсан 2021 14:03

UFC-дегі ең атақты төреші Хабибтің лигасын сынға алды

©Fightnews.info

UFC промоушеніндегі атақты төреші Джон Маккарти бұрынғы чемпион Хабиб Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC лигасын Диего Санчес пен Кевин Ли арасында жекпе-жек ұйымдастырғаны үшін сынға алды, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Диего Санчес бұл спортта көп дүниеге қол жеткізді, сондықтан бұл айқасты көргім келмейді, ол жерде оны... Бұл оның соңғы кездері UFC-де болған айқасындай. Оның атын өзге жігіттерді танымал ету үшін пайдаланды. Олар бұл спорттың аңызы болған адамды басқа жігіттерге жығып бергісі келеді. Бұл айқасты ұйымдастыру жақсы деп ойламаймын. Жігіттер қандай деңгейде екенін ескерсек, бұл жекпе-жек әділ деп есептемеймін", - деп береді Маккартидің сөзін BJPenn.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport