UFC-дегі бірінші қазақстандық файтер қыз келесі жекпе-жегінің уақытын айтты

14 сәуір 2021 15:07
Мария Агапова. Сурет: instagram.com/mma.mashka

UFC-дегі алғашқы қазақстандық файтер қыз Мария Агапова жазда октогонға оралады. Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісінде хабарлады. 

"Жекпе-жегім шамамен тамызда. Аяқпен жұмыс істей бастадым. Жақында жекпе-жек сыныптарына ораламын", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Агапова шаршы алаңға 2020 жылдың тамызынан бері шыққан жоқ. Ол кезде Мария америкалық Шана Добсоннан нокаутпен жеңілген. Бұл оның промоушендегі екінші айқасы еді. Ал бірінші кездесуінде ол америкалық Ханна Сайферсті мерзімінен бұрын жеңген. 

Бір қызығы Добсон кейін UFC ұйымынан шығарылды.