Ресейлік, тегі армян UFC файтері Арман Царукянды АҚШ-та рейстен түсіріп тастады, деп хабарлайды Vesti.kz блогер Адам Зубайраевқа сілтеме жасап.
Ол 19 сәуірге қараған түні өтетін RAF күрес лигасының турниріне бара жатқан. Царукян осы жарыста Юрайя Фейберге қарсы белдесу өткізуі тиіс болған.
"Арман Царукян және оның екі досы Лос-Анджелестен Филадельфияға бағыт алған American Airlines рейсінен түсірілді. Себебі ол ұшақ көтерілу кезінде телефонына қараған. Бұл ақылға қонымсыз", - деп жазды ол әлеуметтік желіде жариялаған видеоның астына.
Царукян UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде екінші орында тұр. Ол әлемдегі ең беделді промоушенде 2019 жылдың сәуір айынан бері өнер көрсетіп келеді.
Arman Tsarukyan and his two friends were removed from an American Airlines flight from Los Angeles to Philadelphia because he was looking at his phone during takeoff , absolute madness. pic.twitter.com/02Huk3rgJc
— Adam Zubayraev (@AdamZubayraev) April 16, 2026
Жарнама