UFC ұйымындағы алғашқы қазақстандық бұрымды Мария Агапова (10-5) ары қарайғы карьерасына қатысты мәлімдеме жасады.
"Қазіргі таңда Роджер Крал менің ММА-де менеджерім болады. Енді мені шектеулі болмағандықтан, бокстағы кәсіпқой карьерамды бастаймын. Бұл жағынан маған Брайан Фьюри көмектеседі", - деп жазыпты ол Instagram желісіндегі стористе.
Еске салайық, жуырда Денверде өткен UFC on ESPN 59 турнирінде Агапова бразилиялық Луана Сантостан (8-1) бірінші раундта жеңіліп қалды.
Қазақстандық файтер қыз UFC-де үш рет қатар жеңіліп отыр, ал ұйымдағы рекорды қазір 2-4. Сантоспен жекпе-жек UFC-мен келісімшарт бойынша соңғысы болды.