Мәскеуде өткен UFC Fight Night 163 турнирінен кейін медициналық көрсеткіштермен шеттелген спортшылар бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды MMA Fighting.
Осылайша, ең ұзақ шеттелген Абубакар Нурмагомедов, Грег Харди, Далч Луангимбулу, Григорий Попов пен Джессика Роуз-Кларк болып отыр. Олардың барлығы 180 күнге жекпе-жектен шеттелді, алайда, бұл мерзім медициналық тексеріске байланысты өзгеруі мүмкін.
Нурмагомедов шынтақ жарақатына байланысты шеттелді. Ол міндетті түрде 21 күн тынығу керек, осыдан кейін ол жаттығуларға кірісе алады.
Еске салайық, Абубакар Нурмагомедов Мәскеудегі турнирде UFC-де алғаш рет жұдырықтасып, бірінші раундта-ақ Давид Заваданың тұншықтыру әдісіне түсіп қалып, берілуге мәжбүр болды.