UFC-де үлкен жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновты Алматыда әндетіп қарсы алды

13 наурыз 2023 09:16
©Vesti.kz

Бүгін, 13 наурыз Алматыда кезекті жекпе-жегінен оралған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновты халық болып күтіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әуежайда бір топ адам жиналып, "кімді тосып тұрсыздар" деген сұраққа: "Біз чемпионды күтіп тұрмыз" деп жауап берді. 

Ал Шавкат көріне сала оны ду қол шапалақпен қарсы алды. 

"Бәріне қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Мені осылай қарсы алып жатқаны қуантады. Өз еліме, өз жеріме келгеніме қуанштымын. Отанмыды сағындым. DAR Team командасы, бапкерлер мен барлық қазақ халқына қолдау үшін алғыс айтқым келеді", - дейді спортшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport