UFC-де сенсация жасаған файтер Рахмоновқа жауап берді

10 тамыз 2022 16:04
©MMA Junkie

UFC файтері, америкалық Джефф Нил (15-4) жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмоновқа (16-0) жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC Vegas 59 турнирінде Нил үшінші раундта Висенте Люкені нокаутқа түсірген еді. Америкалық спортшы қарсыласы бразилиялық Люкені UFC турнирлерінде нокаутқа түсірген алғашқы файтер. 

Кездесуден кейін Нил титулдан үміткер болған тағы бір бразилиялық спортшы Гилберт Бернспен октагонға шыққысы келетінін жеткізді. Осы арада Рахмонов Нилдің өзін жекпе-жекке шақырды.

"Мен қазір басқа қарсыласты кездесуге шақырып қойдым. Егер Бернспен кездесу өтпей қалса, Рахмонов дайын болады деп ойлаймын. Бірақ дәл қазіргі сәтте ол туралы мүлдем ойлап жүргенім жоқ. Мені ашуландырғаны - оның қыстырыла кеткені. Ол ірі, ұзын, мықты, техникасы қойылған спортшы. Онымен кездесу қызық болады деп ойлаймын. Рахмоновпен кездессем, айқас нәтижесі шыдамдылыққа байланысты шешіледі деген ойдамын", - дейді Нил өз сөзінде.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport