Единоборства
27 қаңтар 12:50

UFC-де сәтсіз айқақсан қазақ пен допингпен ұсталған өзбек бір-бірімен белдесетін болды

©

Өзбекстанның Mangu MMA лигасы қазақстандық Азат Мақсұм мен жергілікті файтер Рамазан Темиров промоушен чемпионы атағы үшін айқасатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Ташкентте өтеді

7 ақпанда Ташкент қаласындағы "Хумо Аренада" спортшылар no-GI (кимоноссыз) бразилиялық джиу-джитсу ережелері бойынша күш сынасады. Кездесудің басты жүлдесі - Mangu MMA лигасының чемпиондық белбеуі.

Мақсұмның UFC-тен кейінгі карьерасы

UFC-ден кеткеннен кейін қазақстандық спортшы еркін агент мәртебесінде болды. UFC аясында Мақсұм төрт жекпе-жек өткізді: америкалық Тайсон Намды төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп, Чарльз Джонсон, Тагир Уланбеков және Митч Рапозодан жеңілді.

Азат соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 25 қазанында Абу-Дабидегі UFC 321 турнирінде өткізіп, Рапозодан ұпай санымен ұтылды. Осыдан кейін UFC-мен келісімшарт ұзартылмай, қазақстандық файтер жуырда Mangu MMA лигасымен келісімге қол қойды.

Темировтың рекорды мен карьерасы

Рамазан Темиров бұған дейін UFC-де өнер көрсетіп, онда екі жеңіске жеткен. 2025 жылдың шілдесінде ол қазақстандық Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізуі тиіс еді, алайда, Темировтың допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп, соның салдарынан спортшы бір жылға дисквалификацияланды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport