UFC-де өнер көрсеткен қазақ файтер үшінші әйел алатынын айтты
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Жалғас Жұмағұлов екі әйелінің үстіне тағы біреуін алатынын айтады.
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Жалғас Жұмағұлов екі әйелінің үстіне тағы біреуін алатынын айтады.
- Үш әйелің бар ма?
- Әзірге екеу, жақында үшіншісі болады. Арыстандар көп, бірақ әрбір арыстанның үйірі жоқ. Мен әйелдерді жақсы көремін. Біздің тарихта... менің өзімнің нақты аталарымды білемін, бірнеше әйелі болған. Бұл біздің мәдениетте бар нәрсе. Мен әйелерді жақсы көремін, хош иістендіргішті, жылқыны. Қазір мені дұрыс түсінбей қалмасын. Әйелдерді жақсы көремін дегенім оңға да, солға да барып жүрмін деген емес.
Әйелдерді жақсы көретінімдіктен екінші әйел алдым. Үшіншісін алатынымды жасырмаймын, қалай бар, солай айтамын. Егер әйелдерді жақсы көрсең - үйлен. Бір әйелді ғана сүйсең - сонымен ғана бол, басқаға барма. Ол да біреудің қарындасы, қызы, анасы. Зина - ол қарыз. Ертең алдыңнан шығады. Саған немесе отбасыңа, қарындасыңа залал болып тиеді", - деп береді Жұмағұловтың сөзін "Ночь в клетке" арнасы Rukh Entertainment-ке сілетме жасап.
Жарнама