UFC-де өнер көрсететін Қазақстан тумасының қарсыласы анықталды

©UFC

Қазақстанда дүниеге келген файтер Рафаэль Физиев (11-1) UFC ұйымындағы өзінің келесі кездесуін 9 шілде күні өткізеді. Бұл туралы ESPN хабарлады. 

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Физиевтің келесі қарсыласы бразилиялық Рафаэль Дос Аньос (31-13) болады. 

"Келісімшартқа әлі қол қойылмаған. Бірақ UFC бұл кездесуді ұйымдастырады. Екі файтер UFC Fight Night турнирінің хэдлайнері болады. Айқастың қайда өтетіні әлі нақты анықталмады", - деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, UFC бұл спортшылардың кездесуін осымен үшінші рет ұйымдастырып көрмекші. Әуелде аталған жекпе-жек ақпанда болу керек. Кейін наурызға шегерілді. Наурыздағы кездесу алдында Физиев коронавриус жұқтырып алды. 

Еске салайық, Физиев жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде оныншы орында. Ал Аньос болса алтыншы сатыға жайғасқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: