Ресейлік файтер Умар Нурмагомедов (20-2) Шанхайда (Қытай) өткен UFC Fight Night 286 турнирінде қытайлық Сонг Ядуннан (24-9-1, 1 NC) жеңілгеніне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мені аямаңыздар"Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов жанкүйерлеріне үндеу жасап, кездесудің нәтижесіне алаңдамауға шақырды. Ол жеңілістен сабақ алып, октагонға бұрынғыдан да мықты болып оралатынын жеткізді.
UFC-дегі екінші жеңілісі"Әлхамдулиллах, менің жағдайым өте жақсы. Маған жазып, дұға жасап, соншалықты көп махаббат пен қолдау білдіргендердің барлығына рақмет. Бірақ өтінемін, мені аямаңыздар. Бұл жай ғана жекпе-жек болды. Кейде жеңесің, кейде жеңілесің. Денсаулығым жақсы, менде бәрі дұрыс. Бұдан сабақ аламын, күштірек болып ораламын және бір күні, иншаАллах, чемпион атанамын. Махаббаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін тағы да рақмет. ИншаАллах, күштірек болып ораламын", - деп жазды Нурмагомедов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Умар мен Сонг арасындағы жекпе-жек екінші раундта нокаутпен аяқталды. 30 жастағы ресейлік файтер үшін бұл UFC-дегі екінші жеңіліс болды. Нурмагомедов әлемдегі ең ірі ММА ұйымында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, содан бері сегіз рет жеңіске жетіпті.
Алғашқы жеңілісі 2025 жылдың қаңтарында болды. Ол кезде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте грузиялық Мераб Двалишвилиге төрешілер шешімімен жеңілді.
Ядунг UFC-дегі көрсеткішін жақсартты28 жастағы Сонг Ядунг UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Нурмагомедовті жеңгеннен кейін оның ұйымдағы көрсеткіші 13 жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең нәтижеге жетті.
Нурмагомедов бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің туысы, сондай-ақ PFL ұйымының қазіргі чемпионы Усман Нурмагомедовтің туған інісі.