UFC-де қазақстандық команда файтері өз салмағында үздік ондыққа кірді

7 маусым 2022 16:01
©UFC

UFC ұйымында жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін ресейлік спортшы Мовсар Евлоев өз салмағындағы рейтингте үздік ондықтың қатарына қосылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұған дейін Евлоев 13-орында тұрған болатын. 

Ресейлік файтер соңғы кездесуін жексенбі күні, Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Fight Night 207 турнирінде өткізіп, америкалық Дэн Игенді жеңді. Кездесу үш раунд болды. Оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Евлоевқа берді. 

Айта кетейік, бұл спортшы қазақстандық Arlan MMA Pro намысын қорғайды. Ол аралас жекпе-жекте 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: