UFC-де жеңілмеген файтердің карьерасын аяқтау себебі анықталды

16 маусым 2022 11:38
©instagram.com/zabit_magomedsharipov/

ММА туралы жазатын ресейлік журналист әрі инсайдер Игорь Лазорин UFC файтері Забит Магомедшариповтің карьерасын аяқтау себебін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Забит Магомедшарипов карьерасын аяқтайтыны туралы UFC-ді хабардар етті. Бұл ақпаратты маған қазір ғана растады. Өте өкінішті. Денсаулығымен қиындықтар оған шаршы алаңға оралуға мүмкіндік бермеді", - деп жазыпты Лазорин телеграм арнасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport