MMA
Бүгін 14:20
 

UFC-де жекпе-жектен бас тартқан Махачевтен белбеуді босатуды талап етті

  Пікірлер

blog.share

UFC-де жекпе-жектен бас тартқан Махачевтен белбеуді босатуды талап етті ©UFC

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы бразилиялық файтері Карлос Пратес (24-7) осы дивизион чемпионы, ресейлік Ислам Махачевтің (29-1) 2027 жылдың қаңтарына жоспарланған жекпе-жектен бас тартқанына промоушен басшылығының көңілі толмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы бразилиялық файтері Карлос Пратес (24-7) осы дивизион чемпионы, ресейлік Ислам Махачевтің (29-1) 2027 жылдың қаңтарына жоспарланған жекпе-жектен бас тартқанына промоушен басшылығының көңілі толмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Пратес Махачевтің шешімін сынға алды

Бразилиялық файтердің айтуынша, UFC басшылығы қазіргі чемпионның октагонға шығудан бас тартуына наразы болған. Пратес денсаулығына қатысты елеулі мәселелері болмаса, спортшы келісімшарт талаптарын орындауға міндетті деп есептейді. Ал жекпе-жекке шыққысы келмесе, чемпиондық белбеуден бас тартуы керек.

"UFC басшылығы бұған қатты наразы болды. Оларға бұл ұнамады. Егер ауыр жарақатың болмаса және денсаулығыңа қатысты мәселе туындамаса, октагонға шығып, айқас, жігітім. Сенің келісімшартың бар, бұл - жұмысың. Егер төбелескің келмесе, белбеуді босат та, мәселе осымен бітсін. Ал сен адам жиренетін әс жасап жүрсің", - деп береді Пратестің сөзін Championship Rounds.

Махачев Пратеспен жекпе-жектен бас тартты

Еске салайық, бұған дейін Махачев пен Пратес қаңтар айында кездеседі деп жаспарланған еді. Алайда ресейлік файтер жекпе-жекке шығудан бас тартты. Кейін бразилиялық спортшыға Майкл Моралеске (19-0) қарсы жекпе-жек белгіленді.

Махачев соңғы рет 16 тамызда UFC 330 турнирінде октагонға шықты. Сол кезде ресейлік файтер жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғап, ирландиялық Иэн Гэрриді (17-2) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!