UFC-де екінші жеңісіне жеткен қазақстандық спортшы жекпе-жектерден "шеттелді"

13 қазан 2021 14:37
©bloodyelbow.com

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) колумбиялық Сабина Мазоны (9-3) жеңгеннен кейін, жекпе-жектерден уақытша шеттелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай шешімді Невада штатының атлетикалық комисиясы (NSAC) қабылдады. MMA Junkie ақпаратынша, өткен кездесуде Агапованың мұрын сүйегіне зиян келген. Осы себепті комиссия Марияны жекпе-жектерден 180 күнге және 30 күн жаттығудан шеттеді. 

Ал Мазо октагонға 30 күн шыға алмайды және 21 күн жаттығуына тыйым салынды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport